Халықаралық ынтымақтастық

ҚР Ұлттық ядролық орталығын дамытуда басты көңіл халықаралық қызметке бөлінеді. Соңғы жылдары ҚР Ұлттық ядролық орталығы өз қызметінде халықаралық деңгейдегі өзінің орнын үздіксіз нығайтып келеді. Халықаралық жетекші ұйымдармен, әлемнің әртүрлі елдеріндегі мекемелермен, фирмалармен және компаниялармен байланысы кеңейді. Орталық негізінде өткізілетін жұмыстар атом энергетикасы, радиоэкология, ядролық және радиациялық физика, сейсмология саласындағы ғалымдар мен мамандардың назарын өзіне барған сайын аудара түсуде.   

 Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық іске қосу қондырғыларын жою, апаттық дайындық жүйесі және ядролық қарудың таралуын болдырмау туралы Келісім, сондай-ақ АҚШ Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҒМ-ҒА арасындағы 1995 жылғы 3 қазандағы жаппай қырып-жоятын қару инфрақұрылымын жою туралы Келісім шегінде Семей сынақ полигонындағы ядролық қару инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыстар ойдағыдай аяқталды. 1996-2000 жылдар аралығында Дегелең таулы алқабында 181 штольня және Балапан алаңында 13 қолданылмаған ұңғыма толық жабылды. ҚР ҰЯО мамандарымен радиоэкологиялық сараптама жөніндегі жұмыстар жүргізілді және радиоэкологиялық мониторинг қалыптастырылды.  

Конференция XXI век, Алматы, 2001
Совместные (Казахстан, РФ, США) работы на СИП
Совместные (Казахстан, РФ, США) работы на СИП (3)
Совместные (Казахстан, РФ, США) работы на СИП по усилению защиты штолен
Совместные (Казахстан, РФ, США) работы на СИП (1)
Конференция в Боровом, 2002
Конференция ЯЭ-2007, Курчатов
Конференция ЯЭ-2008, Курчатов
Открытие консульства Словакии в Курчатове, 2009
Открытие консульства Словакии в Курчатове, 2009 2
Участники 19 технической встречи МАГАТЭ, Курчатов, 2009
Заседание координационной группы (Казахстан, РФ, США) (2)

ҚР ҰЯО-ның атом энергетикасы қауіпсіздігі саласындағы зерттеулерінің ойдағыдай дамуы Еуропа, АҚШ, Жапония, Үндістан елдерінің халықаралық жетекші ғылыми орталықтарының назарын өзіне аудартуда. Жапондық мамандардың ҚР ҰЯО-мен байланысы 1992 жылдан басталды. Жапондық мамандардың қызығушылығы негізінен төмендегі екі мәселені қамтиды:  

  • жеңіл сулы реакторлардың ауыр апаттарының салдарын зерттеу (COTELS жобасы);
  • шапшаң нейтрондардағы жапондық реактордың отындық жинағы үшін апаттық процестерді модельдеу (EAGLE жобасы).

Қазақстандық және америкалық мамандардың АҚШ-тың Аргон және Лос-Аламос ұлттық зертханаларымен зертханааралық ынтымақтастығы туралы келісімдері шегіндегі кездесуі барысында ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының Қазақстанда экспорттық бақылау жүйесін түрлендіру және дамыту жобалары бойынша жұмысы бастау алды. ҚР ҰЯО АЭИ мамандарымен ядролық экспортты, экспорттық бақылауды және ядролық материалдар мен екі мақсатты технологиялар экспортын лицензиялауды ұйымдастыру бойынша бірқатар міндеттер шешілуде.

АҚШ пен Қазақстанның Қорғаныс министрліктері арасындағы ядролық қаруды таратпау туралы Келісім шегінде ҚР ҰЯО мамандарымен ИГР және «Байкал-1», ВВР-К реактор кешендеріндегі ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау, бақылау, есепке алу жүйесі жаңғыртылды.   

Қазіргі уақытта отынмен айналысатын мамандардың қазақстандық-америкалық кеңесінде даярланған «БН-350 отынын жою» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Шартқа БН-350 реакторындағы отынды тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарды орындау кіреді.   

GSI (Германия), ИТЭФ (Ресей) және ҚР ҰЯО ЯФИ (Қазақстан) арасындағы үш жақты келісім шегінде үдетілген бөлшек шоқтарының плазмамен өзара әрекеттесуін зерттеу жөніндегі  INTAS бағдарламасы орындалуда.

UCL (Бельгия), GANIL (Франция), ЛЯР ОИЯИ (Ресей), ИЯИ (Украина) және ҚР ҰЯО ЯФИ (Қазақстан) арасындағы бес жақты келісім шегінде радиоактивті иондардың үдетілген шоқтарын алу физикасы мен техникасы бойынша бірлескен зерттеулер жүргізілуде.

INTAS, COPERNICOUS, МАГАТЭ жобаларының шегінде Еуропаның жетекші ғылыми орталықтарымен ядролық және радиациялық физика, иондық және плазмалық технология саласында бірлескен зерттеулер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 30 қыркүйекте қол қойған Ядролық сынауларға жан-жақты тиым салу шартына сәйкес ҚР Ұлттық ядролық орталығы ҚР ҰЯО-ның 1994-2002 жылдары құрылған геофизикалық станциялар торабын және Ұлттық деректер орталығының қызметін жүзеге асыратын Сейсмикалық деректерді жинау және өңдеу орталығын қолдану арқылы ядролық сынауларға мониторинг жүргізуді іске асырады. Жұмыстар геофизикалық тәжірибелері мол көптеген ұлттық және халықаралық ұйымдармен: Ресей Геофизикалық қызметімен, НОРСАР (Норвегия), AFTAC, IRIS, L-DEO (АҚШ), Ядролық сынауларға жан-жақты тиым салу туралы шарт ұйымымен (CTBTO) және т.б. тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. 

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 151 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz