Үздік жұмыстарға жоғары баға

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 9 қарашадағы №885 Қаулысына  сәйкес, 16 жұмыстың ішінен іріктеліп алынған үздік жұмысқа Ғылым және білім саласының мемлекеттік сыйлығы тағайындалды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республиксы ЭМРМ Ұлттық ядролық орталығы ұсынған, Кәдіржанов Қ. К., Батырбеков Ғ. А., Борисенко А. Н., Дүйсебаев А. Д., Жотабаев Ж. Р., Лысухин С. Н., Максимкин О. П., Төлеуішев Ә. Ж. сияқты авторлар орындаған «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының жетілдірілген эксперименттік ядролық физикалық қондырғыларының негізіндегі ядролық және радиациялық физика саласындағы іргелі зерттеулер және олардың негізінде ядролық және радиациялық технологиялар құру» жұмысы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 
Мұнда іргелі және қолданбалы ядролық физика саласындағы нәтижелер ұсынылған.

 Құжаттың атауы

 PDF эл.нұсқасы  

 Жұмыстың түйіндемесі

 

 Жұмыс туралы қысқаша мәлімет

 

 Жұмыс бойынша монографиялар, кітаптар, оқу құралдарының тізімі

 

 Өнертабыстар мен патенттердің авторлық куәліктерінің тізімі

 

 Пікірсараптар мен пікірлерге шолу

 

 Бір файлмен жұмыс істеу

 

ҚР ҰЯО ЯФИ-да іргелі, қолданбалы зерттеулер жүргізуге арналған қондырғылар мен соны әдістемелерді, ядролық және радиациялық технологияларды дамытуға арналған зарядталған бөлшектер мен ядролық реактор негізінде бірегей эксперименттік кешен құрылды.

Әлемдік практикада алғаш рет ВВР-К ядролық зерттеу реакторын жаңғырту жүзеге асырылды. Еліміздің үздік ядролық технологияларды дамытатын қуатты құралы ретіндегі ұлттық мақтанышы болып табылатын бұл реактор сақталып қана қоймай, әлем практикасында алғаш рет он жылдық үзілістен кейін қайталай пайдалануға енгізілді.

Бірегей үдеткіш кешен құрылды: циклотрон жаңғыртылды, ауыр иондарды қайта зарядтау үдеткіші, электронды үдеткіш, ауыр ионды циклотрон құрылды, оның нәтижесінде  әлемдік рынокқа шығатын медициналық өнімді радиациялық стерилизациялау, радиоизотопты өнім өндіретін үздік заманауи ядролық және радиациялық технологиялар әзірленіп іске асырылды, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттары ашылды.

«Ядролық кемпірқосақ» және «аномальді кері шашырау» эффекті алғаш рет анықталды және зерттелді, ядролық физикада ядролық материяның ядролық Бозе-Эйнштейн конденсаты сияқты тағы бір жаңа түрінің болуы мүмкін екендігіне байланысты зерттеулер үшін жаңа бағыт ашылды, алғаш рет көптік-байланыспаған күйлерден тұратын күрделі бөлшектер эмиссиясының экситонды үлгісінің нұсқасы ұсынылды.

Термиялық тұрақты көпқабатты көпфункциялы металл материалдар құруға жаңа термодинамикалық соны көзқарасқа алғаш рет эксперименттік және теориялық негіздеме берілді, таттанбайтын болаттарды радиациялық технологиялардың қолданылуымен өңдеудің жаңа экономикалық тиімді тәсілі ашылды, бұл үздік радиациялық технологиялардың физикалық негізі болып табылады, заттың нанобөлшектерінің сұйық және қатты күйді бөліп тұратын энергетикалық тосқауыл арқылы тосын ауысуынан тұратын термофлуктуациялық балқытудың жаңа құбылысы ашылды, температуралардың гелийлік интервалындаасқын өткізгіш болып табылатын жаңа интерметаллидтер синтезделді.    

Генерацияның стационарлық және импульстік режимдерінде қуатты лазерлік сәуле шығаруды генерациялайтын ғарыштық ядролық-энергетикалық қондырғы (ЯЭҚ) құру мүмкіндігі әлемде алғаш рет эксперименттік және теориялық негізделді. Ядролық реакторда ядролық иондаушы лазердің когерентті сәуле шығару генерациясы алынды, ТМД-да ең алғаш екінші иондарды бөліну жарықшақтарымен иондаушы ұшып өту уақыт масс-спектрометрі құрылды.

Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстан іргелі ядролық физика және радиациялық материалтану саласындағы құзыреттіліктің жоғары дәрежесін иеленуші елдердің санына кіретіндігін атап өткен жөн.

Тәуелсіздік күнінің тойлануы қарсаңында Мемлекеттік сыйлық лауреаттарын марапаттау біздің ғалымдарымыздың жетістіктерінің, Елбасының ғылым мәселелеріне ұдайы көңіл бөлетіндігінің тағы да бір дәлелі болып табылады. Бұл біздің ғалымдарымызды және барша ғылым қызметкерлерін көптеген жетістіктерге қол жеткізуге міндеттейді.

Ғалымдар мен мамандардың лайықты бағаға ие болған көп жылғы еңбегі қазақстандық ғылым мен технологияның ілгері дамуына және олардың әлемнің озық жетістіктерінің деңгейіне шығуына ықпал етеді.

Шығу көзі - Казахстанская правда газеті мақала мекен жайы

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 61 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz