ССП-ны конверсиялау және ядролық сынақ инфрақұрылымын жою

Бұрынғы Семей сынақ полигонындағы ядролық қару инфрақұрылымын жою Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы үкіметаралық Келісім және Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусия елдеріне жәрдем көрсету үшін АҚШ-пен әзірленген «Қауіп-қатерді бірлесіп қысқарту» (CTR) бағдарламасының аясында жүргізілуде.

Америка Құрама Штаттары ядролық қару инфрақұрылымын қауіпсіз жою үшін керекті жабдықтар беру мен қызмет көрсету арқылы, сондай-ақ бұрынғы Семей сынақ полигонының Дегелең таулы алқабында орналасқан штольнялық ядролық сынақ кешенін қауіпсіз әрі толық консервациялау үшін қызметкерлерді оқыту жолымен қажетті көмек көрсетуге міндеттеме алды.

1993 жылғы 24 қыркүйекте Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы Ниет білдіру туралы бірлескен өтінішке қол қойды, мұнда АҚШ бұрынғы Семей сынақ полигонында жасалған кеңестік ядролық сынақ салдарына баға беру үшін Қазақстан Республикасына көмек көрсетуге міндеттеме алды.

Қазақстан Үкіметі Дегелең таулы алқабындағы штольняларды және Балапан сынақ алаңындағы ұңғымаларды жабу жөніндегі бағдарламаларды қоса алғанда Семей полигонында барлық өткізіліп жатқан ядролық қару инфрақұрылымын жою бағдарламаларының басты орындаушысы етіп  ҚР Ұлттық ядролық орталығын ресми түрде бекітті (1996 жылғы 13 тамыздағы № 1002 Жарлық). Жұмыстар Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен тығыз байланыста жүргізілді.

1996-2000 жылдар аралығында Дегелең таулы алқабында 181 штольня және Балапан алаңында 13 қолданылмаған ұңғыма толық жабылды. ҚР ҰЯО мамандарымен радиоэкологиялық сараптама жөніндегі жұмыстар жүргізілді және радиоэкологиялық мониторинг қалыптастырылды.

ҚР ҰЯО алдында тұрған басты міндеттердің бірі - бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесіне пайдалану болып табылады.

 

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 73 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz