Радиоэкологиялық зерттеулер

Бұрынғы КСРО-ның барлық ядролық сынауларының 70%-ына жуығы 1949 - 1989 жылдар аралығында Қазақстанның аумағында өткізілді. Олардың басым бөлігі, 116 ауадағы және жер бетіндегі жарылыстарды қоса алғанда, Семей полигонында (ССП) өткізілді. Мұнда КСРО-дағы алғашқы атом бомбасы (1949 ж.)  және әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы (1955 ж.) сыналды.

Қазақстан аумағындағы ядролық сынаулар салдарын зерделеу мен қоршаған ортаның одан әрі ластануын болдырмау - Республика алдында тұрған неғұрлым көкейтесті мәселелердің қатарында болып табылады.

ҚР Үкіметімен анықталған ҰЯО қызметіндегі басым міндеттердің бірі Қазақстан аумағындағы ядролық қаруды сынау салдарын жою болып табылады.

Қазақстан аумағындағы ядролық жарылыстар өткізілген орындар

Полигон жабылғаннан кейінгі 10 жыл ішінде орталық мамандарымен ССП-дағы ядролық қаруды сынау салдарын жою бойынша жоспарлы жұмыс қалыптастырылды:

  • Дегелең таулы алқабындағы штольняларды жабу толық көлемде аяқталды, Балапан алаңындағы ұңғымаларды эксперименттік жабу өткізілді.
  • Қазақстандық, Ресейлік және Америкалық мамандармен бірлесе отырып алғаш рет далалық радиоэкологиялық өлшеулер жүргізілді, сынамалардың спектрометриялық және радиохимиялық талдаулары орындалды.
  • Радионуклидтердің қоршаған ортада шоғырлануы мен таралуы жөнінде шынайы деректер алынды.
  • Неғұрлым қауіпті және елді мекендерге жақын жатқан ластанған орындардың тоқсан сайынғы радиоэкологиялық мониторингі жүзеге асырылуда.
  • Жерді шаруашылық айналымға беру тәртібі мен регламентін анықтау немесе оны консервациялау үшін полигонның жекелеген учаскелері бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
  • Қоршаған ортаның қайталай ластануын болдырмау әдістері мен технологиялары әзірленуде.
  • 1998 жылы "Полигон" геоақпараттық жүйесін құру басталды.
  • Бұрынғы ядролық сынақ полигондарының радиоэкологиялық ахуалы жөніндегі деректер банкі толықтырылуда (ССП, Азғыр, Лира).

Радиациялық мониторинг міндеттерін шешу мақсатында бұрынғы "Лира" ядролық сынақ полигонында Ақсай филиалы ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстандағы бұрынғы Азғыр ядролық полигонында аумақтың радиациялық мониторингі жөніндегі жұмыстарды орындайтын Азғыр радиоэкологиялық экспедициясы қызмет істейді.

Қазақстан аумағындағы радиациялық ахуалды жақсартудың маңызды элементтерінің бірі "Байкал-1" реактор кешенінің негізінде құрылған "Байкал" пайдаланылған ампулалық иондаушы сәуле шығару көздерінің қоймасы болып табылады. Республикамыздағы бірден-бір болып табылатын бұл қойма қазіргі уақытта Қазақстанның барлық аумақтарынан пайдаланылған көздерді қабылдайды.




 

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 118 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz