STORKE автоматтандырылған лицензиялау жүйесі

2002 жылғы май айында қазақстандық Атом энергиясы жөніндегі комитетте (АЭК) қазақстандық экспортты қарастыру жөніндегі жаңа СТОРКЕ жүйесінің жұмысын бастау құрметіне арналған салтанатты рәсім болып өтті (STORKE - System To Review Kazakhstan Export). 2000-2002 жылдары Ұлттық ядролық орталықтың мамандарымен әзірленген жүйе техникалық талдауға арналған деректер базасы және электрондық почта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Ол екі мақсатты ядролық өнімді және ядролық саланың басқа да өнімдерін экспорттауға лицензия алу үшін берілген өтінімдерді қарауға арналған.

СТОРКЕ Алматы қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі комитеттің лицензиялауға жауапты қызметкерлері мен Курчатов қаласындағы Атом энергиясы институтының (АЭИ) техникалық мамандары арасындағы электронды байланыс арнасын сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстандық Атом энергиясы жөніндегі комитет оған Астана қаласындағы Индустрия және сауда министрлігі (ИСМ) жіберген лицензиялар беруге арналған экспорттық өтінімдерді қарайды. Қосымша сараптық баға алу қажет болған жағдайда Комитет тиісті электрондық сұрау салуды СТОРКЕ жүйесі арқылы Ұлттық ядролық орталықтың құрамына кіретін төрт институттың бірі - Атом энергиясы институтына бағыттайды. АЭИ сараптаушылары қай жерде орналасқанына қарамастан деректерді енгізуді жүзеге асыра алады. СТОРКЕ жүйесі оның іс-әрекетін республиканың басқа облыстарына жылдам жеткізу мүмкін болатындай етіліп әзірленген. Болашақта СТОРКЕ жүйесінің деректер базасы басқа институттар мен тәуелсіз сараптаушылардың қолы жететіндей болады және олар осы жүйе арқылы ақпараттармен алмаса алатын болады. Жүйе Lotus Notes компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуін қолдана отырып әзірленді және лицензияларды өңдеу барысында пайдаланылатын техникалық талдауға арналған екі деректер базасынан тұрады. Олардың біріншісі - анықтамалық құжаттар базасы - техникалық құжаттардың, ұлттық және халықаралық заңдардың, нұсқаулар мен бақылау тізімдерінің толық мәтіні бойынша іздеу жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүйенің екінші құрауышына лицензия алуға арналған өтінімдерді қадағалайтын және бұрындары өңделген лицензиялар бойынша ақпарат іздеуді қамтамасыз ететін  «Лотус» бағдарламасы енгізілген.

Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментімен қаржыландырылады. Жүйеге қызмет көрсету және жетілдіру жөніндегі жұмыстар Лос-Аламос ұлттық зертханасы қызметкерлерінің техникалық жәрдемімен жалғастырылуда.

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 38 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz