Эксперименттік зерттеулерді автоматтандыру

adam

Эксперименттік зерттеулерді автоматтандыру ақпараттық технологиялар (АТ) бөлімінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл салада соңғы жылдары АЭИ алаңдарында бірнеше автоматтандырылған жүйе әзірленді және енгізілді. Техникалық құралдар ретінде шетелдік өндірушілер мен ТМД елдерінің фирмаларының микропроцессорлық техникасы негізіндегі өндірістік автоматизацияның жаңа құралдары пайдаланылады. Жүйелердің барлығы деректерді жергілікті есептеуіш желілер арқылы беруді пайдалана отырып  бөлінген архитектураға негізделген.

Әзірленген бағдарламалық құралдар параметрлерді жинау және тіркеу жүргізуге, берілгеналгоритм бойынша дискретті басқару функцияларын орындауға, бірнеше алгоритмдер бойынша шекаралық мәндер талдауын жасауға және параметрлерді графиктер, кестелер, мнемосұлбалар мен гистограммалар түрінде бейнелеуге мүмкіндік береді.

Жүйенің базалық сипаттамалары мыналар болып табылады:and

  • деректерді жинау және тіркеудің толық циклінің 100 мсекундтан аспайтын аз уақыты, кіріс сигналдарының жекелеген топтары үшін 5 мсекундтан кем уақытты құрауы мүмкін;
  • өлшенген мәндердің барлық жиынтығын тұрақты түрде уақытша синхрондау.

АНГАРА стендінің ақпараттық-өлшеу жүйесі:

  • зерттеу қондырғысындағы және 120 өлшеу арнасындағы эксперименттік құрылғылардағы температураны өлшеу бойынша деректерді жинауға арналған MicroPC Octagon Systems стандартындағы микроконтроллер мен G5 GrayHill типті модульдер негізіндегі қосалқы кешен;
  • Advantech фирмасының контроллері, дискреттік және аналогтық кіріс параметрлерін жинау платалары 
  • demonнегізіндегі базалық өлшеу кешені, стендтік автоматиканың 300 аналогтық және 200 дискреттік параметрлі агрегаттарын басқару сигналдарын қалыптастыру;
  • сұрау жиілігі 50 КГц сегіз өлшеу арнасы бойынша қабылдау құрылғысы қуысындағы қысым импульсін өлшеу миникешені;
  • Pentium дербес компьютерлері негізіндегі бақылау және басқару құралдары.

Eagle стендінің ақпараттық-басқару жүйесі:

  • Advantech контроллері мен жабдығы базасындағы 200 кіріс сигналдары мен 200 шығыс сигналдарының стендтік автоматика және оларды автоматты түрде басқару агрегаттарының күйін бақылау жүйесі;
  • Бақылау-өлшеу аспаптары (БӨА) жүйесінің параметрлерін бақылау жүйесі Advantech микроконтроллерлеріне базаланған және "төмен деңгейлі" аналогты 160 кіріс сигналдары (термопаралар) және орта деңгейлі (1 Вольттан 10 Вольтқа дейін, 0-20 мА) 150 сигнал бойынша деректерді өңдеуге мүмкіндік береді;
  • стенд магистральдарындағы жұмыс денесінің температурасын автоматты түрде сақтайтын 10 арналы қосалқы кешен;
  • Pentium дербес компьютерлері негізіндегі бақылау және басқару құралдары.




Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 38 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz