Деректер берудің бірлескен желісі

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының ғылыми инфрақұрылымын дамыту және ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық кооперацияға кеңінен енгізу  бүгінгі таңда деректер берудің бірлескен және әлемдік желілерінің күнделікті қолданылуынсыз мүмкін емес. Дербес компьютердің желіден тыс жеке жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес деуге де болады, себебі компьютерді пайдаланушы адам бірлескен жобалар бойынша өз әріптестерімен араласу және тиімді еңбек ету мүмкіндігін жоғалтады. Ақпараттың маңызды көзі және байланыстың оңтайлы құралы болып табылатын Интернетті қолданбайтын ғалым қазіргі заманғы ғылыми үдерістен қалыс қалады десе де болады.

ҚР ҰЯО-ның бірыңғай ақпараттық жүйесін құру және оны әлемдік телекоммуникациялық кеңістікке кіріктіру жөніндегі жұмыстар 1998 жылы ақпараттық технологиялар бөлімі қызметкерлерінің бірлескен аумақтық-үлестіру желісінің тұжырымдамасы мен техникалық жобасын әзірлеуімен басталды. Курчатов қаласындағы ғылыми бөлімшелердің орналасу ерекшеліктері мен деректер беру желісін құрудағы қазіргі заманғы беталыстарды ескере отырып, сымсыз желілік технологиялар таңдап алынды. Осы жұмыстың нәтижесінде Aironet фирмасының деректерді 2-11 Мбит/с жылдамдықпен беруді қамтамасыз ететін ARLAN-640 және ARLAN BR-500 радиокөпірлерін қолдана отырып, NNCNet базалық желісі құрылды. Барлық жобалық, құрылыс және монтаждау жұмыстары ҚР ҰЯО және оның еншілес кәсіпорындарының ақпараттық технологиялар бөлімі қызметкерлерінің өз күшімен орындалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҰЯО-ның деректерді берудің аумақтық-үлестірілген желісі талшықтық оптика тізбегі (100 Мбит/с), коаксиальді кабель (10 Мбит/с), радиоарналар (2-11 Мбит/с), бөлінген телефон тізбектері негізінде кеңжолақты байланыс арналарын қолдана отырып, ҚР ҰЯО, ГЗИ, РҚЭИ, АЭИ, 100-ші және 300-ші объектілердің 200-ден астам жұмыс станциялары мен жекелеген желілердің серверлерін біріктіреді.

Интернетпен байланыс спутниктік ассиметриялық байланыс арнасы (VSAT) арқылы Мәскеудегі телепортқа 160/64 Кбит/с жылдамдықта қатынаумен жүзеге асырылады. Қашықтағы пайдаланушылардың қатынауы үшін 16 телефон тізбегіндегі модемдік пул қолданылады. Желіні қорғауды бірлескен брандмауэр іске асырады. Желілік инфрақұрылымды жетілдіру, деректер беру жүйелері мен желілерін дамытудағы барлық технологиялық жаңалықтарды бақылауға мүмкіндік беретін техникалық және бағдарламалық шешімдерді іске енгізу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

NNCNet желісі ішкі корпоративтік жоғары жылдамдықты ақпарат алмасуды және ақпараттық ресурстарды бірлесіп қолдануды ұйымдастырудан басқа өз пайдаланушыларына электронды почта қызметін, Интернет қызметіне және негізгі сервистерге қатынауды, кәсіпорынның  Web-сайтын орналастыруды, байланыстың қорғалған арналарын (VPN), IP-телефон қызметін және қазіргі заманға лайық кәсіпорынға қажет ақпаратты автоматты түрде өңдеудің басқа да жаңа технологияларын ұсынады.

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 22 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz