Атом энергетикасын дамыту

Қазақстанда атом энергетикасын құру және дамыту жөніндегі жұмыстар 1992-1993 жылдары әзірленген және сол жылдары құрылған Ұлттық ядролық орталық пен оның құрамына кіретін институттардың мақсатын, міндеттері мен қызмет бағыттарын айқындайтын құжат болып табылатын Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі тарауларының бірін құрады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 20 тамыздағы №925 қаулысымен Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. ТҰЖЫРЫМДАМАМЕН алға қойылған міндеттер Қазақстан энергетикасын жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін, серпінді дамып келе жатқан және еліміздің экономикасын жедел әрі тұрақты дамытуға, әл-ауқатын арттыруға сенімді негіз бола алатын салаға айналдыруға бағытталған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібі мен энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.

Бағдарлама 2000-2030 жылғы кезеңді қамтиды және ұлттық атом энергетикасын құру және дамытудың бірінші кезеңінің стратегиясын айқындайды.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырудағы алғашқы қадамдардың бірі атом станцияларын салудың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу болып табылады. ҚР ҰЯО мамандарымен нақты өңірлерде (Оңтүстік Қазақстан АЭС) атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, Лениногорск және Курчатов қалаларында аз қуатты атом станцияларына инвестиция тартуды негіздеу бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, Алматы қаласын жылумен жабдықтау мәселесін шешу үшін ядролық энергия көздерін қолдану бойынша техника-экономикалық ұсыныстар әзірленді.

Атом өнеркәсібін ойдағыдай дамыту оны қауіпсіз пайдалану проблемаларын шешпей мүмкін емес. Жоғары қауіпті реакторларды, жобалық және жобадан тыс апаттарды өршітпеу жүйелерін құру үшін ауыспалы және апатты режимдегі ядролық реакторлардың активті аймақтарының балқуына, отынының, материалдары мен конструкцияларының жай-күйіне байланысты процестерді егжей-тегжейлі талдау қажет. Атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеудегі жұмыс бағыттарының бірі АЭС-тарда реактордың активті аймағы балқи отырып дамитын ауыр апаттардың жеке сатыларын ілестіре жүретін процестерді экспериментті түрде модельдеу болып табылады.

Активті аймақтың (кориумның) балқыған материалдары реактордың күштік корпусының түбіне түскеннен кейін туындайтын ауыр апаттардың соңғы сатысында болатын процестер қазіргі уақытта ең аз зерттелген болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстар Семей эксперименттік базасында 1983 жылы басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

ҚР ҰЯО эксперименттік базасының бірегейлігі, ауыспалы және апатты жұмыс режимдерін модельдеу кезіндегі ядролық реактор отынының, материалдары мен конструкциясының жай-күйін зерттеу кезінде алынған нәтижелер және жиналған тәжірибелер әлемнің түрлі елдеріндегі мамандардың жеке қызығушылығын туындатуда.

Соңғы жылдарда екі жоба: жеңіл сулы реакторлардың қауіпсіздігін негіздеудегі эксперименттік зерттеулер (COTELS жобасы) және шапшаң нейтрондардағы реакторлардың қауіпсіздігін негіздеудегі эксперименттік зерттеулер (EAGLE жобасы) бойынша жүргізілетін зерттеулер айтарлықтай маңызды болып табылады.

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 108 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz