ҚҰРЫЛЫМЫ

Ұлттық ядролық орталық

Республиканское государственное предприятие "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 1992 жылғы 15 мамырда құрылды.

E-mail:   Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек

Ұйымдық құрылымы:

"Атом энергиясы институты" филиалы

1992 жылы РФ Атом энергиясы министрлігінің "Луч" ғылыми-өндірістік бірлестігінің Біріккен экспедициясының негізінде құрылды.

Қызметінің негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту бағдарламасын қолдаудағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, нақты аймақтарда атом станцияларын салуды техника-экономикалық негіздеу, атом энергетикасы мен термоядролық энергетика қауіпсіздігі, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, қатты дененің радиациялық физикасы және реакторлық материалтану.

E-mail:   Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек

Сқақов М.Қ. – ҚР ҰЯО АЭИ филиалының басшысы

"Радиациялық қауіпсіздік және экология институты" филиалы

1993 жылы 52605 әскери бөлімшесінің ғылыми-зерттеу бөлімшелері мен ҚР ҰЯО радиоэкологиялық бөлімшелері негізінде құрылды.

Қызметінің негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасының ядролық сынақтар жүргізілген аймақтарының радиоэкологиясы және оларды радиациялық мониторингілеу, радиациялық ластанған аумақтарды оңалту, қоршаған орта объектілеріне радиациялық әсер етулердің медициналық-биологиялық аспектілері.

E-mail:   Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек

Лукашенко С.Н. ҚР ҰЯО РҚЭИ филиалының басшысы

 "Байкал" филиалы

1992 жылы ҚСРО Жалпы машинажасау министрлігінің бұрынғы бөлімшелерінің негізінде құрылды.

Қызметінің негізгі бағыттары – қолданбалы ғылыми зерттеулер, инженерлік-техникалық жұмыстар.

E-mail:   Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек

ҚМЖЖО филиалы

ҚР Министрлер кабинетінің 1993 жылғы 7 маусымдағы "Қазақ мемлекеттік ғылыми - өндірістік жарылыс жұмыстар орталығы туралы" № 464 қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 19.08.2002 жылғы № 807 қаулысымен ҚМЖЖО "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" РМК құрамына кірді.        

Қызметінің негізгі бағыттары - жарылғыш материалдар өндіру, жарылыс жұмыстарын механизацияландырудың арнайыландырылған жабдығын, аспаптары мен құралдарын шығару, өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеу, сынау және қолдану жөніндегі жарылыс жұмыстар саласындағы жобалық және технологиялық құжаттаманы сараптау, өнеркәсіптік жарылғыш материалдарды дамыту, қарапайым аммиак-селитралық жарылғыш заттар (оларды тұтыну орнында жасай отырып), жарылыс жұмыстарын механизацияландыруға арналған машиналар және жабдық әзірлеу және енгізу, жарылғыш заттар өнеркәсібін ұйымдастыру мен дамытуға байланысты салада енгізу қызметін және ғылыми қызмет көрсету.
050020, Алматы қ., Лиза Чайкина к., 4
тел./факс: (3272) 63-62-41, 63-62-42
E-mail:   Бұл e-mail мекенжай спам-боттардан қорғалған, оларды көру үшін сізде Javascript қосылып тұруы керек

Сайт:http://www.kgcvr.kz

Масягин Д.Г. - ҚМЖЖО филиалының басшысы

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 138 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz