«ҚР ҰЯО жаршысы» ғылыми-техникалық журналы 2014 жылдың ең жоғары импакт-факторына ие болды

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының деректеріне сәйкес, «ҚР ҰЯО жаршысы» журналы үшін Қазақстандық цитаталау базасы бойынша 2014 жылғы импакт-фактор есептелді, ол 0,122-ге тең.   

Бұл көрсеткіш Қазақстандық цитаталау базасында рефератталатын және индекстелетін қазақстандық 111 журналдың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

«ҚР ҰЯО жаршысы» мерзімдік ғылыми-техникалық журналы 2000 жылдың қаңтар айынан бастап және әр тоқсанда бір рет шығарылады.

Журналда физиканың, экологияның іргелі және қолданбалы проблемаларына, таратпау, атом энергетикасы және ғылымды қажетсінетін технологиялар проблемасына арналған мақалалар мен бірегей очерктер жарияланады.

Ғылым және білім саласындағы қадағалау және аттестаттау жөніндегі комитеттің шешімімен журнал физика-математикалық ғылымдар бойынша және 25.00.00 – Жер туралы ғылымдар мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар материалдарын жариялауға  ұсынылған баспалар тізбесіне кіргізілген.

Анықтама. Импа́кт-фа́ктор (ИФ, немесе IF) — ғылыми журналдың маңыздылығының сандық көрсеткіші. (https://ru.wikipedia.org сайтының деректері бойынша)

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 75 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz