Құрметті Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері! Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – әрбір азамат үшін қастерлі мереке. 

Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамыған, табысқа жетудің бірегей тәжірибесі бар саяси тұрақты мемлекет ретінде қалыптасты. Біздің елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі өзгерістер жүзеге асты.

Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарыштап қадам басуда.

Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді әрі дана басшылығымен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Құрметті әріптестер!

Барлық қазақстандықтар үшін маңызды осы күні шын жүректен отбастарыңызға тыныштық пен береке, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан гүлденіп, табыстан табысқа жете берсін!

         Эрлан Батырбеков,

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 32 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz