Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

Алда келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Өтіп бара жатқан 2016 жыл бізге айтарлықтай жетістіктер мен қуанышты сәттер сыйлады, жаңа тәжірибемен және жақсы әсерлермен байытты.

Біз алға қойған мақсаттарымызды табысты жүзеге асырып, ортақ істе жоғары нәтижелерге қол жеткіздік!

Келе жатқан жыл барлығымыз үшін жаңа табыстарға, батыл идеяларға және жаңа кәсіби жетістіктерге толы жыл болсын!

Тыныштық және бақыт жылы болсын, өмірімізге көптеген жағымды және жарқын сәттер әкеліп, қызықты идеялар мен үлкен жеңістер сыйласын!

Жаңа жылда барлығыңызға зор денсаулық, сәттілік, махаббат, көтеріңкі көңіл-күй және армандарыңыздың орындалуын тілеймін! 

Жаңа жылдарыңызбен!

Эрлан Батырбеков,

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

 

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 74 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz