Қымбатты қыз-келіншектер! Көктемгі мейрам – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

 

Бұл күні біз сіздердің мейірімдеріңізге, әдеміліктеріңіз бен ақылдарыңызға бас иеміз. Сіздердің қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңыз ер азаматтарды әр уақытта игі істерге бастап, күш-жігерлерін арттырады. Сіздер нәзіктіктеріңізді сақтай отырып, отбасының ұйытқысы болып, тыныштығын сақтайсыздар, бала тәрбиелеп, кәсіби және қоғамдық қызметте жетістіктерге қол жеткізе білесіздер.

Біздерге сыйлайтын таусылмас жан жылуларыңыз үшін, қажымас қайраттарыңыз бен бүкіл әлемді көркейте білетін зор қабілеттеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Әрбір істеріңіз сәтті болып, жандарыңыз көктемдей жарқын болсын, үнемі айналаңыздағы ер-азаматтардың қамқоры мен ілтипатында болыңыздар!

Жүздеріңізден күлкі кетпесін, қуаныш пен шаттықтарыңыз мол болсын! Сүйіспеншілік пен бақыттарыңыз ұзағынан сүйіндірсін! Үйлеріңіз береке мен бірлікке толы болсын, үміттеріңіз ақтала берсін!

Құрметпен,

ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

 Эрлан Батырбеков

Конференции

ҚР ҰЯО жас ғалымдары
мен мамандарының

ҒЗТКЖ ХVI конференция-конкурсы
БІРІНШІ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  | Заявка

Сейчас на сайте

Қазір 69 қонақтар Онлайн

Байланыстар

071100, Қазақстан,
Курчатов қ., Красноармейская к-сі,ғ. 2 54 Б

тел. (722-51) 2-33-33,
факс (722-51) 2-38-58
E-mail: nnc@nnc.kz